Облыста атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын отбасыларға газ төлеміне 20 пайыз жеңілдік беріліп отыр. Бұл 2023 жылғы меморандум аясында қолға алынған көмек түрі. Ал биыл шілдеден бастап бұл ваучерлік механизмге ауысты. "Әлеуметтік әмиян" дегеніміз егов арқылы жүзеге асатын жүйе. Ең бастысы - тұтынушы үшін оңай. Бәрі онлайн іске асыруға болады.