"Сізге пошта арқылы сыйлық жіберді. Алу үшін телефоныңызға 1414 номерінен келген кодты айтыңыз". Кейінгі кезде алаяқтар дәл осыны айтып, адамдарға қоңырау шалып жүр. Бірер уақыт өткен соң өзге номерден полиция қызметкері ретінде хабарласып, сізбен сөйлескен адамдар атыңызға несие рәсімдеп жатқанын, мұны тоқтату үшін қаражат керегін айтады және оны қауіпсіз шотқа аударуға кеңес береді. Бірде пошташы, бірде полиция қызметкері болып хабарласқандарға алданған ақтөбеліктер бар.