Еңбек адамы болуы үшін өндіріс орнында жұмыс істеу маңызды емес. Мұндай жандар әрбір ауыр істің басында жүретіні анық. Мәселен, бүгінде шаһардың тазалығын қолға алған Марат Керуенбаев жас күнінен небір ауыр жүк көлігін тізгіндеп, күнделікті күнкөрістің қамы үшін қолынан келген түрлі жұмыспен айналысқан. Қазір де өзіне берілген аумақта контейнерлерден тұрмыстық қалдықты тиеп, полигонға тасиды.