Осы аптада жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел - профилактикалық іс - шарасы өтіп жатыр. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын шараның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері облыс аумағында 650-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Өрескел тәртіп бұзушылықтарды айтар болсақ, 7 жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген, 12 жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен.