Ырғыздың 180 жылдық мерейтойына келген құрметті меймандар ауыл балаларымен жүздесті. Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектепте ағайынды Қайрат, Қайсар Мұғаловтармен кездесу кеші өтті. Онда қос әскери сала қызметкерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертіліп, танымдық әңгімелер айтылды. Аға буын өкілдері оқушыларға ел мен жердің қадірі мен қасиетін сөз етіп, жас буынды отан қорғауға шақырды. Айта кетейік, кеш қонақтары 40 жыл бойы әскери салада қызмет етті. Ресей, Украина, Беларусь мемлекеттерінде әскери тапсырмаларды орындап, еліміздің тыныштығын жолында борышын өтеді.