Интернет алаяқтардың арбау тәсілдері жаңарып келеді. Бүгінде жасанды интеллектінің көмегімен өтірікті суша сапырып, қарапайым халықты сан соқтыру деректері жиілеген. Ең сорақысы жымысқы әрекетімен олар педагогтерді де алдап соққан. Жыл басынан бері 731 алаяқтық дерегі тіркелсе, алданғандардың 150-і мұғалімдер. Сондықтан бүгін тәртіп сақшылары ұстаздарды жинап, киберқауіпсіздік қадамдарын үйретті. Өйткені, мұғалімдер электронды поштаны, онлайн-платформалар мен оқушылардың жеке деректерін жиі қолданады. Сондықтан алаяқтардың құрығына ілінбес үшін негізгі алғышарттарды білгені абзал. Жиынға 100-ге жуық ұстаз қатысты.