"Қазіргі таңда ең өзекті міндеттің бірі, бұл - агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Атап айтқанда, шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек". Бұл Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қозғалған маңызды мәселелердің бір үзігі. Жалпы Жолдау барысында мемлекеттің алдағы бағыт-бағдары жөнінде тұшымды ойлар айтылды. Жолдауда қозғалған тақырыптарды бүгін "Аmаnat" партиясы фракциясының депутаттары мен партия мүшелері, басқарма және департамент басшылары талқылады.