Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектеп түлегі Әділет Шапаев үздіктердің үздігі. 17 жастағы бозбала ҰБТ кезінде138 балл жинап, өзінде, ата-анасында қуантты, ұстаздарының үмітін ақтады. Әсіресе математика мен физика пәнінен 100 пайыз жоғары балл алып отыр. Түлек жаратылыстану бағытын бала кезінен-ақ таңдаған. Қай жоғары оқу орнында білім алып, кім болатынын да шешіп қойған.