Отандық әдебиетіміздегі 100 таңдаулы кітапты айқындауға арналған жалпыұлттық сауалнамаға Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері де өз үлесін қосты. 30-дан астам кітапханашы өзіне ұнаған 10 кітапты таңдап, дауыс берген. Айта кетейік, дауыс беру мерзімі 23 шілде күні аяқталған болатын. Сонымен, кітапсүйер қауымның назарына іліккен қай тақырыптағы шығармалар?