"Көліктегі қауіпсіздік" акциясы қорытындыланды. Іс-шара теміржол көліктеріне қатысты төтенше жайғайлардың алдын алуға бағытталған. 16-25 шілде аралығында өткен қауіпсіздік шарасы аясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол маңында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9 күн ішінде жүргізілген рейдтік іс шаралар кезінде 143 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер мен пойыз жолына мал баққандар ұсталды.