"Жасыл ел" сарбаздары- тазалықтың ғана емес, салауатты өмір салтының жаршылары. Жазғы демалыста экологиялық жасақ қатарында еңбек етіп жүрген белсенді жастар волейболдан өткен облыстық турнирде бақ сынады. Жарысқа облыс орталығы мен аудандардан бірнеше команда қатысып, "Жасыл ел" кубогін сарапқа салды.