Қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға көмек қолын созу, жаны жайсаң жомарт болу. Санамаланған осы қасиеттердің барлығы ежелден қазақтың қанында бар, олар - тәрбиемен, дәстүрмен дарыған ізгі амалдар.

Бүгін өңірдің еріктілері үшін қаладағы демалыс орнында волонтерлік бағыттағы ерекше жиын өтті. Онда олар өзара пікір алмасып, семинар-тренинг өткізді.