Өңірде алғаш рет дарынды балаларға арналған зияткерлік жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Бұл облыс намысын халықаралық, республикалық деңгейде қорғап, жүлделі оралған білімге құштар оқушылардың басын қосқан ерекше алаң. Жобаға облыстық бюджеттен 30 млн теңге қаражат бөлінген. Жоспарға сәйкес жазғы мектепте 300 бала қамтылмақ.