Әдеби такси. Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы оқырмандары үшін әдеби кеш ұйымдастырды. Ұлы ақын Абайдың 180 жылдығына арнап зағип жандар арасында дауыстап оқу шарасын өткізді. Қатысушылар ағартушының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, ойшылдың шығармалары жайында ой бөлісті. Танымдық кеш арқылы ұйымдастырушылар көркем шығармаларды насихаттап, аудио кітаптарды оқуға қолжетімділікті кеңейтуді, зағип жандардың оқу мәдениетін арттыруды мақсат еткен. Айта кеткен жөн, бүгінде ерекше жандар кітапханасының 40 мыңдай кітап қоры, 1650 тұрақты оқырманы бар