Облыс әкімдігінде Президент Жолдауын іске асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы өз сөзінде Жолдау мемлекеттің дамуына жаңа көзқарас пен тың серпін беретін стратегиялық бағдар екенін алға тартты.
Бірқатар маңызды міндетті айқындап, барлық құзырлы орган мен мекемелер, жеке сектор бірлесе жұмыс істеуі қажет. Отырыста облыс әкімінің орынбасарлары өз салаларын қамти отырып, баяндама жасады, Жолдау аясында іске асырылатын шаралар жоспарын таныстырды.
Асхат Шахаров әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.