Отбасындағы жанжалдан басталып, зорлық- зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндер - әйелдер мен балалар. Қоғамда бұл екеуіне қатысты түйіткілді мәселе көп.
Ал оны шешуге облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері кеңес беріп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді.
Олар бүгін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.