Қоғамдық орындарда қате жазылған жарнама мәтіндері, маңдайшадағы жазба, көрнекі ақпараттар тексерілді. Жауапты басқармаға қарасты тіл мамандарынан құрылған топ өкілдері тұрақты түрде өткізілетін "Көркем тіл - көрікті жарнама " акциясын ұйымдастырды. Жаяу жүріп қала көшелерін аралап, сауда орындары, базар, вокзал маңына шолу жасады. Көзге түрпідей тиетін мағынасыз мәтін жазғандарға ескерту беріп, кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді