Ақтөбеде қолөнер шеберлері бас қосты. Олар өздері тіккен құрақ көрпені көрсетіп, ұлттық киім үлгілерін көрерменге паш етті. Сонымен қатар, танымал ісмерлер шеберлік сағатын өткізді. Ауқымды шара екі күнге созылмақ. Фестивальді облыс әкімдігінің қолдауымен «Бақытты отбасы» ақпараттық кеңес-білім беру орталығын ұйымдастырды.