Аймақ басшысы облыстың басты арнасына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты жайында ашық сұқбат берді. Асхат Шахаров екі жылдық жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарын бөлісті. «Әділетті Қазақстан» бағдарламасында облыстағы күрмеуі шиеленіскен мәселелердің шешімі айтылып, халық көкейіндегі сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар, телеарнаның материалдық-техникалық базасымен танысып, ұжымды 65 жылдық мерейтоймен құттықтады.