Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектеп пен колледжде «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы енгізілді. Жоба балалардың әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын бақылап, оқушылардың өзара қарым-қатынасын түзеуге бағытталған. Бұл жүйе буллингтің бетін қайтарып, әлімжеттікті болдырмауға септеспек. Сондай-ақ жоба шеңберінде педагогтер, психологтар оқыту курстарынан өтеді. Олар буллингтің алдын алу, қақтығыс жағдайларының себептері мен факторларын анықтайды.