Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу маңызды екенін баса айтты. Оған кадастрлық мәліметтерді, инфрақұрылымды, жер қойнауын пайдалануға қатысты өзге де ақпараттарды енгізу қажет.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ғылымын дамытып, оның аясында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру өзекті. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар аймақтағы жоғары оқу орындарында қолға алынып келеді.