Табиғаттың біз білмейтін сырына қанық жандар бар. Олар тал мен теректің тіршілігіне жауапты. Әңгіме орманшылар жайында. Жұмыстың көбі түзде орындалатындықтан ала форманы киіп, ағаштарды баптайтын азаматтар дерсіз.

Қызметіне қалтқысыз берілгендердің бірі - Мәлік Оразалин. Ұзақ жылдар аталған салада еңбек ететін онеың міндетіне жасыл аумақтарды өрттен қорғау және ормандарды күтіп ұстау кіреді.