Мемлекет басшысы жолдауында: "Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр. Көлік-логистиканы одан әрі дамытуымыз керек" деген болатын. Еліміздің Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған маңызды көпір екенін ескерсек, тоғыз жолдың торабында орналасқан аймақ жолдарын да әлемдік стандартқа сай жөндеу маңызды. Айталық биыл 300 шақырымға жуық жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Одан бөлек 28 шақырымды қайта жаңғырту жоспарда.