Президент барлық салада жасанды интеллектті енгізуді тапсырды. Бұл жаңашылдық білім саласын да қамтуы тиіс. Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі оқыту барысында жасанды интеллект технологиясын қолдана бастаған. Тың технология ұстаздарға көмекші құрал болса, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып отыр. Білім ордасындағы сабақ қалай өтеді?