Елімізде еңбек кітапшасы ресми құжаттар тізімінен алынып тасталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, заман талаптарына сай еңбек қатынастары толықтай цифрлық форматта жүргізіледі. Бұдан былай азаматтардың еңбек өтілі электронды еңбек шарттары мен бірыңғай есеп жүйесіне енгізілген зейнетақы жарналары арқылы есептеледі.