Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Онда ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптары қойылған. Сондай- ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері де бар. Көрме тұрақты түрде жыл басынан бері жұмыс істейді.

Ұлы Абайдың бай мұрасын тереңірек оқып-білгісі келетін жас ұрпақ үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Аталмыш көрмеде сирек басылымды да кезіктіруге болады.