Облыстық халық шығармашылығы орталығы күзде пайдалануға беріледі. 2 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. 77 жылдық тарихы бар нысанның шатырынан су кетіп, іргесі көгеріп, сыз тартқан болатын. Қайта жаңғыртудан өткен ғимаратты біздің тілшілеріміз көріп келді.