Шілденің шіліңгір ыстығы басылып, күн қайта суиды. Синоптиктердің болжамынша, ертең облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады. Күндіз де күн жауынды.
Аймақтың батысы, солтүстігі және орталығында бұршақ араласқан жаңбыр жауу ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың солтүстік-батысында 15 градус жылы, күндіз 25-30 градус ыстық болады. Ал, облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап сақталады.
Шаһарда күн көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 28-30 градус жылы болады деп күтіледі.