Чехиялық "Спарта Прага" командасының футболшылары Ақтөбеге келді. Олар орталық стадионда ойын алдындағы дайындығын пысықтады. Кешкі сағат 21:00-де өңірлік ақ-қызылдар командасымен алғашқы матчын өткізеді. Кездесу алдындағы баспасөз конференциясында шетелдік команданың бас бапкері өздерінің жеңіске жету деңгейі жоғары екенін мәлімдеген. Алайда, жерлес футболшылар да қарап қалмас. Ойынға мықтап кіріскен, дайындығы ширақ. Айтып өтелік, "Ақтөбе" бұған дейін Еуропа лигасында ойнап, іріктеуден өте алмады. Сондықтан бұл мүмкіндікті мейлінше жіберіп алмауға, барын салып ойнауға бел буып отыр. Ал қарымта матч 31 шілдеде Прагада өтеді.