Қала бойынша құрылыста 12 проблемалық нысан бар. Салымшылары сан соғып, жауапсыз мердігерлері сот шешімімен жазасын алған. Бұл құрылыстардың мәселесін қазір мемлекет май шаммен қарап жатыр. Баспаналы боламын деп бар жиған-тергенінен айырылған көптің жайы енді не болады?