Облыс әкімі қуаттылығы 1 гВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті инвесторлармен кездесті. Қос тарап энергия жинақтау құрылғыларымен жабдықталған Бадамша жел электр станциясының құрылысын талқылады. Жобаны қытайлық компаниялар іске асырмақ. Компания өкілдері әлемнің әр түкпірінде жүзеге асырған ауқымды энергетикалық жобалар бойынша тәжірибесін бөлісті.


Әрі Қазақстан нарығына инвестиция салуға әзір екенін білдірді. Олар Ақтөбе өңіріндегі тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуалды айырықша атады. Қытайлық делегация жобалау, жабдық жеткізу және құрылыс бойынша әріптестік бағыттарын нақтылап, мерзімдер мен сапа стандарттарының қатаң сақталатынын сендірді.