Қазақстан әйелдер лигасының 15-ші туры аясында өткен матчта "Ақтөбе" футбол клубы оңтүстіктен келген «БИІК-Шымкент» командасын жеңді. Ойынды 8400-ден аса жанкүйер тамашалады.

Бұл Қазақстан әйелдер футболы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен, жерлес команда ойыншылар еңбекті ақтап, қарсыласын 1 ұпай айырмасымен ұтты. Есеп 3:2.