Қалада екі жүк көлігі өртенді. Кеше, 27-ші шілде күні сағат таңғы 7-де 101 желісіне бірнеше автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға 41 разьезд маңында болды.
Тілсіз жаудың алдын алу үшін 7 техника мен 40-тай маман жұмылдырылды. Төтеншеліктердің көмегімен 70 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.