Бір тәулікте 130 жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Бұл түнгі мезгілде көше кезген кәмелетке толмағандар. Заңды өкілдерсіз беймезгіл уақытта жүрген жастармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске сала кетейік, кешеден бері облыс аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел іс-шарасы жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары ата-аналарға мұқият болуды ескертеді.