Бір аптадан кейін Алтын Орда шағын ауданында су жаңа драма театрдың құрылысы басталады. 700 орынға арналған мәдени нысан заманауи сахнадан бастап кең көрермен залымен жабдықталады.
Стандартқа сай соңғы үлгідегі грим бөлмелері мен репетиция залдары болады. Бұдан бөлек, биыл өңірде алты мәдени нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.