Судың да сұрауы бар. 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін. Сондықтан құнды ресурсты бүгіннен бастап үнемдеу маңызды. Тұтынушыларды суды ысырап етпеуге үйретіп, тиісінше оны пайдалану мәдениетін арттыру үшін жауапты ведомство суды қолданудың әлеуметтік нормасын енгізді.