Мен-Әлиямын! Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Әлия есімді арулардың форумы өтті. Батыр қыздың атын иеленген қатысушылардың алды 90-ға таяп қалса, ең кішкентайы 2 айлық нәресте. Өңірде екі Әлия Молдағұлова, батырдың дәл туған күнінде өмірге келген 4 Әлия, шын есімімен аталатын Ілиялар да бар.