Жыл басынан бері облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 504 тұтынушыдан арыз-шағым келіп түскен. Нәтижесінде 285 тұтынушының өтініші қанағаттандырылып, оң шешімін тапқан. 


Ал 135 өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық көмек көрсетілген. Қалған 84-і құзыретіне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға жолданған. 


Сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылған.