Рәміздер күні қарсаңында облыстық Жастар ресуртық орталығының жастары мен волонтерлар Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға барып, ондағы қызметкерлер мен сапарға аттанушы жолаушыларға жалауша таратты.
Рәміздерге қатысты түрлі танымдық ақпаратты да бөлісті. Аталмыш шараға жиырмадан астам жас қатысты.