Жасыл ел сарбаздарына арналған шеберлік сағаты өтті. Жастар "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасы аясында жасыл желекке күтім жасауды үйренді. Білікті мамандар ағаштар мен бұталарды дұрыс қию, суару, зиянкестермен күрес және жас көшеттерге күтім жасау жөнінде кеңестерін берді.