Отбасындағы жанжалдан, түрлі зорлық- зомбылықтан зәбір көретіндердің көбі - әйелдер мен балалар. Сондықтан 16 күнге созылған акция аясында құқық қорғау органдарының өкілдері қаладағы дағдарыс орталығына барды. Онда құзырлы сала мамандары ата-ана жауапкершілігі, кәмелетке толмаған балалардың жағдайы сынды тақырыпты жан-жақты талқыға салып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді