Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы халық жадында. Қаза тапқандар мен елге жаралы болып оралғандарды тілге тиек етпегенде, майдан алаңында хабар-ошарсыз кеткені қаншама. Әйтсе де, оларды еске алып, жас ұрпаққа дәріптеу бүгінгі буынның басты парызы. Бүгін шаһар жұрты «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.