Түркістан қаласында өткен бес асық спортынан республикалық чемпионатта өңір оқушылары жоғары нәтижеге көрсетіп, жүлделі оралды. Жарысқа 2015-2016 жылы туған кішкентай ақтөбелік арулар қатысты.
Олар командалық есепте үздік үштікті қорытындыласа, жекелей ойындарда да қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Жеңіс тұғырынан көрініп, аймақ абыройын асқақтатқан бұрымдыларды облыстық асық федерациясы өкілдері мен жаттықтырушылары, ата аналары күтіп алды.