Бүгінде облыс бойынша автобустар 66 бағытта жүреді. Оның ішінде 47 қалалық, 12 облысішілік, 3 облысаралық және 4 бағыт халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Орынбор, Самара Орск және Уфа бағыттары бойынша автобус рейстері жүзеге асырылып жатыр.
Ал Қазанға баратын бағыт жолаушының аздығынан тоқтатылды. Биыл мамырдан баста облыс орталығынан ең шалғай жатқан аудандардың бірі Ырғыз және Темірбек Жүргенов атындағы ауылға автобус қатынасы ұйымдастырылды. Әзірге уақытша шарт негізінде жүріп жатыр.
Кәсіпкер екі ай мерзімдегі субсидиялау есебін тапсырған соң ол арнайы тарифтік комиссияда қаралып, содан кейін ғана бюджеттік ұсынымға жіберіледі.