Өңірімізде өндіріс орындары көптеп шоғырланған. Олардың 90-нан астамы ауаны ластайтын кәсіпорындар қатарында. Жыл басынан бері нақ осы өндіріс орындарына 15 тексеріс жұмысы жүргізіліп, 68 бұзушылық анықталған. Тиісінше, айыпты деп танылған заңды тұлғаларға 30 млн-ға жуық қаражат көлемінде айыппұл салынған. Аймақтың экологиялық ахуалын басты назарда ұстаған құзырлы сала мамандары жыл басынан бері атқарылған ілкімді жұмыстарға тоқталды.