Заңсыз иеленген активтер есебінен шаһарда ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салынады. Үкімет оған 8 млрд теңгеге жуық бөлмек. Нысан ашылса 300 ерекше бала тәрбие және түзету көмегімен қамтамасыз етіледі.
Бүгін жауапты тұлғалар құрылыс алаңына барып, мониторинг жүргізді.