Аймақта 513 мың гектар алаңда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақыт бұл жәндікті улау шаралары ауқымды түрде қолға алынып жатыр. Ол үшін барлығы 95 арнайы техника жұмылдырылған. 


Жалпы, шегірткеге қарсы күрес мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстар облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.