Білім-ғылым, мәдени танымдық шарадан бөлек балалар арасында жүгіруден жарыс өтті. 6-13 жас аралығындағы жеткіншектер төрт түрлі қашықтықта өнер көрсетті. Кішкентайлары 200 метрден бастаса, ересектері мың жарым метр қашықтықты еңсерді.

Желаяқтар жарысына қатысқан жас спортшыларды жақындары қолдай келді. Үлкен қашықтықтарға жүгіру денсаулықты күшейтіп, ми жұмысын жақсартады дейді мамандар.