Елден шықпай-ақ шетелдік оқу орындарының дипломын алуға болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған университет кампусында бүгін ашық есік күні болды. Оған мектеп түлектері мен ата-аналары қатысты.
Келушілер оқу орнының инфрақұрылымымен, білім беру жүйесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Шотландиядан арнайы келген профессорлар болса оқу бағдарламаларын, шетелдік тәжірибе жайын айтып берді.