Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өңірімізге елордадан бір топ ел ағалары келді. Ардақты азаматтардың көшін "Халық Қаһарманы" Бақытжан Ертаев бастаған. Сондай-ақ, құрметті меймандар қатарында "Еңбек Ерлері" Серік Ақшолақов, Мұрат Каиргельдин, Рышат Амренов те бар. Оларды Ақтөбе жұрты бар сән-салтанатымен әуежайдан күтіп алды.